ЖАҢА ФОРМАЦИЯ ПЕДАГОГЫ: КӘСІБИ ДАМУ

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ ПЕДАГОГЫ: КӘСІБИ ДАМУ
2021 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында І Республикалық «MasterSkills» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Қоғамымыздағы нарықтық экономика бәсекеге қабілетті мамандарға сұранысты қажет етеді. Бұл кәсіптік маман иелерін дайындайтын білім ұйымдарына жаңа талап, жаңа міндеттер жүктейді. Колледж қабырғасында жүрген білім алушыларға кәсіптің қыр-сырын терең игертуді, жаңаша жұмыс жасау дағдыларын меңгертуді жүзеге асыратын арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері. Олар колледж студенттеріне білікті маман иелері болып, заман талабына сай жұмыс істеуді үйрететін, кәсіби шеберлігін көрсете алатын өз мамандығының жан-жақты шеберлерін дайындайды.
Осы орайда, Ұлттық «MasterSkills» кәсіби шеберлік байқауына қатысушы оқытушыларымыз Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің оқытушылары Шпекова Камшат Салимовна «Аспаз ісі», Тілектес Ақмарал Муратбекқызы «Кондитер ісі», Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің оқытушысы Мурзахметова Юлдуз Маратовна «Киімді үлгілеу» құзыреттіліктері бойынша қатысып, жүлделі І орынды иеленсе, Қансеитова Айнұр Сайлауовна «Мейрамхана сервисі», Жаңабаева Асем Берікқызы «Наубайхана ісі» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, Шымқала абыройын асқақтатты.
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Парламент Мәжілісінде берген тапсырмаларында Техникалық және кәсіптік маман иелерін даярлауға басымдық берді.
Осы орайда, әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - басты міндеттердің бірі. Бұл шаралар әрбір студенттің – тұлғаның кәсіби бәсекелестігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.