"АЙБЫН" ӘСКЕРИ -ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНЫҢ

"АЙБЫН" ӘСКЕРИ -ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНЫҢ
ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. «Айбын -2021» VІІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл ұлттың қамы, бола­шақтың баянды болуының кепілі. Отанымыз – басты байлығы­мыз. Оны қорғау – әр азаматтың міндеті. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.
Жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру басты мақсат.
«Айбын» жиынының Шымкент қаласы бойынша жабылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері, қалалық іріктеу ойындарынан жеңімпаз атанған үш әскери-патриоттық клубтарының мүшелері жалпы 45 оқушы қатысты.
Бүгінгі сапта тұрған жас сарбаздар – ертеңгі Отан қорғаушылар. Олар нағыз ержүрек жауынгерге айналарына сенеміз.
Республикалық сайыста Шымкент қаласының намысын қорғаған Жас сарбаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Махаббат Абдалиева, Meruert Medetbekova и ещё 106
 
Комментарии: 12
Поделились: 2
 
Нравится
 
 
 
Комментировать
 
 
Поделиться