Информатикадан XIII Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы

Информатикадан XIII Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы
«Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2021 жылғы 11-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласы, Халықаралық ақпараттар технологиялар университеті базасында оффлайн форматта Информатикадан XIII Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, есептеу ғылымдары, компьютерлік үлгілеу мен ақпараттық технологиялар саласында ең дарынды жастарды анықтау.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен 53 команда қатысты.
Шымкент қаласынан "Білім-инновация" ер балаларға арналған №1 лицей-интернатынан 4 оқушы жолданды. Информатикадан XIII Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы бойынша "Білім-инновация" ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Юриков Михаил ҚР БжҒМ-нің ІІI дәрежелі дипломымен марапатталды.
Үздіктердің арасынан суырылып шығып, жеңіс тұғырынан көрінген Юриков Михаилды жеңісімен құттықтаймыз!!!