«ОҢТҮСТІКТЕН ШЫҚҚАН ОҒЛАНДАР»

«ОҢТҮСТІКТЕН ШЫҚҚАН ОҒЛАНДАР»

Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, ұстаз Абай Қалшабекпен «Оңтүстіктен шыққан оғландар» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. «Бізде қонақта» жобасы шеңберінде өткен кешті химия және биология пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырды. Кешті мектептің педагог-ұйымдастырушысы Қанат Нышанбайұлы жүргізіп отырды. Мектеп мұғалімдері және оқушылармен кездесу барысында Абай Қалшабек сан алуан тақырып төңірегінде ой бөлісіп, оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Білім алушыларға кітап оқудың маңыздылығы мен әдебиет төңірегіндегі ауқымды ойларымен бөлісті. Химия-биология пән бірлестігінің апталығы шеңберінде өткізілген әсерлі кездесуді директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Пернегүл Жақсылыққызы қорытындылап, Абай Қалшабекке алғысын білдіріп, шалқар шабыт тіледі.