WorldSkills Kazakhst­an-2021

WorldSkills Kazakhst­an-2021
“WorldSkills Kazakhstan 2021” - Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаттың “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” құзіреттілігі бойынша конкурстық бөлімі Ақмола облысында ( Көкшетау қ.) өткізілуде. Бұл құзыреттілік бойынша еліміздің 13 облысы мен 3 қаласынан 16 қатысушы өз бақтарын сынамақ. Сайыс 3 күнге созылады. Осы сайыста Шымкент қаласы, М.Сапарбаев "Парасат Колледжінен бақ сынап, 2-курс студенті- Мазбаева Әйгерім Жаныбекқызы және жетекшісі, оқытушы-Жиенбаева Жансая Жолынбековна өз білімдерін, кәсіби шеберліктерін көрсетуге келіп отыр.
“Worldskills Kazakhstan 2021” чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беруді мәртебесін арттыруға бағытталған заманауи жоба!