"НАЗАР АУДАР, ЖАС ДОС!"

"НАЗАР АУДАР, ЖАС ДОС!"
"Айбын-2021" жиыны аясында жеке тәртіпте қатысушылардың назарына!
Қараша айының 1-не дейін жеке тәртіпте қатысушылар үшін тіркелу уақыты ұзартылды. Тіркелу жұмыстары, жеке тәртіптегі байқаулар - App Store және Play Market-тен жүктеуге болатын "Aibyn" мобильді қосымшасында өтеді.
Жеке тәртіпте қатысушылар үшін "Айбын" жиыны 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең: "Айбын - дарыны" зияткерлік байқауы 1-5 қараша аралығында өткізіледі және Қазақ халқының мәдениеті, отандық кинематография, Ұлы дала батырлары тақырыптары бойынша, жалпы білім беру пәндерінен құралған онлайн-тесттерді қамтиды.
2-кезең: "Жылдам, Биік, Күшті" физикалық дайындық бойынша байқау 8-12 қараша аралығында өткізіледі және ұлдар үшін кеудені жерден көтеру(отжимание), қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру (пресс) жаттығуларын қамтиды.
3-кезең: "Тәуелсіздік ұрпақтары" шығармашылық байқауы 15-19 қараша аралығында өткізіледі. Бұнда әрбір қатысушы патриоттық тақырыпта бейнеролик түсіру керек және ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет. Бейнероликті Instagram әлеуметтік желісінде 15-19 қараша аралығында қатысушы өзінің жеке аккаунтында #тәуелсіздікұрпақтары2021 хэштегін көрсете отырып, жиынның негізгі парақшасын @jassarbaz_qozgalysy белгілей отырып жариялау керек. Бейнероликке дауыс беру 2021 жылдың қараша айының 19-ы күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл кезеңде ең көп қаралым мен лүпіл жинаған бейнеролик жеңімпаз болып табылады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Сен өз ойлағаныңнанда мықтысың!
https://www.instagram.com/p/CVmDZ1KoNSU/...