Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп
Б. Садыков атындағы № 112 жалпы орта мектепте “Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10 сынып оқушыларын жинап, мектеп қорына келген кітаптармен мектебіміздің директоры Шакизат Тешебаевна таныстырып өтті. Шетел әдебиеті және қазақ әдебиетімен кітапхана қоры толықты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап, “30 әңгіме оқу” атты байқау басталды. Бұл байқау 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл байқаудың өткізілу мақсаты: кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдылану әрекетін қалыптастыру.
Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.