Президенттік жастар кадрлық резерві

Президенттік жастар кадрлық резерві

Президенттік жастар кадрлық резервіне  үміткерлерді тіркеу 1-30 қыркүейк аралығында жүргізіледі.  Цифрландыру дәуірінде біз барынша ашықтықты, ақпаратқа орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз ету және азаматтарға ыңғайлы болу үшін, арнайы онлайн-платформаны — pkrezerv.kz іске қостық. Платформаның интерфейсі көпшілік үшін өте ұғынықты.  Сайтта Резервке іріктеу бойынша барлық қажетті ақпарат бар.  Бүгінде сайтқа 4115 қатысушы тіркелген, оның 457-сі тіркеу процесін аяқтады. Әлеуетті іріктеу қатысушыларына тіркелуді соңғы күнге қалдыруға болмайтынын айта кеткім келеді, себебі одан өту үшін жеке профилін онлайн толтыру, қажетті құжаттарды жүктеу, оның ішінде ұсынымхатты жүктеу қажет болады.