ШЫМКЕНТ ЕКІНШІ РЕТ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ИЕ БОЛДЫ!

ШЫМКЕНТ ЕКІНШІ РЕТ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ИЕ БОЛДЫ!
СҮЙІНШІ!!!
ШЫМКЕНТ ЕКІНШІ РЕТ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ИЕ БОЛДЫ!
Шымкент мектептері электронды журналды жүйелі жұмыс жүргізуі мен белсенділігі бойынша 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша көш бастап, «Kundelik.kz» жүйесінің «Алтын белгісіне» ие болған еді. Міне, тағы да екінші жартыжылдықта да өңіріміз екінші рет «Алтын белгімен» марапатталды.
«Алтын белгіні» қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновке «Күнделік» жауапкершілігі шектеулі серіктестік компаниясының Бас директоры Мұхтар Махсұтұлы Ілиясов арнайы келіп, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиева мен білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен болған іс-шара жиынында салтанатты түрде табыс етті.
Қала әкімі М.Әйтенов шымкенттік мұғалімдерге республикалық рейтингтегі үздік жеңістері үшін алғыс білдіріп, қала мектептерін атаулы жеңісімен құттықтады. Пандемия жағдайында еліміздегі білім саласының сандық білім беру ресурстарын тиімді қолдануда жасаған жұмыстарының нәтижелі болғандығын ерекше атап, шығармашылық табыстар тіледі.
Шара соңында қала әкімі М. Әйтенов «Алтын белгіні» қаладағы «Kundelik.kz» жүйесін жүргізу бойынша білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызына, Білім басқармасы жұмысының цифрлық өнімдерді енгізу бойынша жоғары нәтижелілігін атап өтіп, білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтарға қарамастан, үнемі белсенді жұмыс жүргізгені үшін ризашылығын білдірді.
Қазіргі таңда «Күнделік» электронды журналымен қаладағы барлық орта білім беретін мекеме бағыныстылығына қарамастан, ағымдағы оқу жылынан бастап толық жұмыс істеп, республика көлемінде ең белсенді, үздік өңір ретінде танылды.
Электронды журналмен жүйелі жұмыс жасау үшін әдістемелік топ құрылып, Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталық директоры, ф.ғ.к., Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, орталық қызметкерлері Тұрсынова Ақжарқын Усмановна, Джуватаев Алмаз Асанұлы және белсенді, шығармашыл педагогтері жүйедегі өзгерістер мен әрбір ұсынымдарды жіті бақылап, командалық үлгіде жұмысты ұйымдастыра білді.
Сонымен қатар, жиында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану арқылы білім беру процесін жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылған осы командалық топқа және қалалық рейтингте жыл бойы тұрақты түрде көш бастаған, әдістемелік қолдау қызметін өзге мектептерге үздіксіз жүргізіп отырған қаладағы бірқатар ұстаздар «Күнделік» жүйесінің алғыс хатымен марапатталды.
Атап айтқанда, №23 мектеп-лицейінің оқу ісі орынбасары Төлешбаева Забира Жұмаділқызы, №9 лицейдің оқу ісі орынбасары Нуржигитова Гулраушан Садиркызы, №57 ЖОМ оқу ісі орынбасары Нурмырзаев Ерболат Жандарбекович, №108 ЖОМ оқу ісі орынбасары Юлдашов Мирхамид Мирабдивахапович, №3 ЖОББМ оқу ісі орынбасары Туреханов Касымхан Алмасханович, №72 ЖОББМ мұғалімі Шабданбек Абай Асанханұлы, №96 ЖОББМ мұғалімі Каратаева Айгуль Бактаевна, №82 ЖОББМ оқу ісі орынбасары Оспанханов Канат Бахытжанович, №75 МГ мұғалімі Абдикаликова Зауре Зулпухаровна, №74 ЖОББМ мұғалімі Оракбаева Шырай Каримбаевна, №46 МЛ мұғалімі Амирханова Эльмира Умирзаховнаға Бас директор өз ықыласын білдірді.