ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Шымкентте өткен Ұлттық Мектеп Лигасының бағдарламасында 7-8 сынып оқушылары арасында фудболдан республикалық жарысы аяқталды. Ұлдар арасында өткен «Былғары доп» жарысына республиканың әр өңірінен 12 команда сайысқа түсті.
Бір аптаға созылған жарыста Қызылорда облысы Қазалы ауданының №249 жалпы орта мектебінің командасы 1-орынды иеленді. Ал 2-орын Алматы қаласы Медеу ауданындағы №159 гимназиясының командасына бұйырса, 3-орынды Жамбыл облысы Байзақ ауданының оқушылары алды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін шымкенттік оқушылар Ұлттық Мектеп Лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 10 түрінен бірінші орынды иеленді. Аталған сайыс қазір спорттың он түрін қамтып отыр.