Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасын өткізудің тұжырымдамасы аясында 11 сыныптың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиын мектеп аумағында барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілді. Айта кетейік, қала бойынша 11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді.
Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса, 437 түлек «Үздік аттестат» иеленді.