ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Оқу жылы аяқталып, оқушылардың жазғы каникул басталды.
Осыған орай, бүгіннен бастап 800-ге жуық шәкірті қала сыртындағы сауықтыру орындарына 10 күн бойы демалатын болады.
Атап айтсақ, «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына - 200 оқушы демалысқа жүріп кетті.
Жалпы биыл 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алатын, тұрмысы төмен отбасы балалары жіберіледі. Одан бөлек 22 мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.
Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.gov порталы арқылы онлайн түрде қабылданды.