"ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шымкент қаласында үш айға созылған «Шымкент жастар лигасы» өз мәресіне жетті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы ұйымдастырылған жабылу рәсіміне қала әкімі қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысқан. Спорттық футбол, волейбол, баскетбол, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті. Жеңімпаз командаға 20 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді.
Лиганың нәтижесінде:
ШАХМАТ
І орын №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
ІІ орын №9 мектеп-лицейі
ІІІ орын №23 З.Космодемьянская атынындағы мектеп-лицейі
БАСКЕТБОЛ
І орын №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы
ІІ орын №9 Ө.А.Жолдасбеков атындағы ІТ лицей мектебі
ІІІ орын №28 жалпы орта мектеп
ВОЛЕЙБОЛ
І орын № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы
ІІ орын №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі
ІІІ орын №50 А.Байтурсынов атындағы мектеп-гимназиясы
ФАН-КЛУБ
Бас жүлде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясы
І орын № 120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі
ІІ орын №99 мектеп гимназиясы
ІІІ орын № 84 Циолковский атындағы жалпы орта мектеп
ФУТБОЛ
І орын № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі
ІІ орын №58 жалпы орта білім беру мектебі
ІІІ орын №3 Улықбек атындағы жалпы орта мектебі
Байрақты бәсеке жеңімпаздарын құттықтаймыз!