ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНДА ФУТБОЛДАН № 87 МЕКТЕП ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНДА ФУТБОЛДАН № 87  МЕКТЕП ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Бүгін "Шымкент жастар лигасы" ойындарының соңғы ойыны өтті. Футболдан жеңімпаз команда анықталды. Ақтық ойынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те қатысып, командаларға қолдау көрсетті.
Финалдық ойын № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі мен №58 жалпы орта білім беру мектебі арасында болды. Нәтижесінде 1:0 есебімен № 87 мектеп жеңіске жетті. Ал үшінші орын №3 Улықбек атындағы жалпы орта мектебінің үлесіне тиді.
Жалпы Лигада футбол ойынынан 135 команда бақ сынаған болатын. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті.