ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық жарыста шымкенттік шәкірттер чемпион атанды. Сонда-ақ 1-7 мамыр аралығында
Нұр-Сұлтан қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен футболдан "Былғары доп" жарысында қаламыздың намысын қорғаған N58 жалпы орта білім беретін мектептің ұлдар командасы мен N39 жалпы орта білім беретін мектептің қыздар командасы жеңіске жетті. Ал волейболдан 9-11 сынып оқушылары арасындағы "Шұбар доп" жарысында қаладағы N71 мектептің мектептің ұлдар командасы чемпион атанды.
Спортты серік еткен республикада үшінші мегаполистің абыройын асқақтатқан шәкірттер мен елеулі еңбек сіңірген жаттықтырушылыларға алғыс айтамыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!