БҰЛ БІЗДІҢ ЖЕҢІС!

БҰЛ БІЗДІҢ ЖЕҢІС!

М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Керімбекова Роза Аршабайқызы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауында жеңімпаз атанды. Роза Аршабайқызы алтын ұяға тарыдай болып кірген шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, елдің болашағы үшін барын салып келеді. Жоғарғы санаттағы «педагог-шебердің» іздемпаздығы мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі тәнті етеді. Бала бойында бұғып жататын кейбір игі қабылеттерді ашу үшін көп ізденеді. Мамандығына адал. Оның оқушылары тіпті республикалық олимпиадаларда, білім додаларында топ жарып жүр. Әріптеске сыйлы, ұжымға құрметті ұстазымыздың шәкірттері республикалық ғылыми жобалар конкурсында да жеңімпаз атанып келеді! «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауында жеңіске жеткен Роза Аршабайқызын шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырағыңызға – шаттық, жұмысыңызға – табыс тілейміз! Еңбегіңіз елене бергей!