ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТЫЛУДА

Бүгін қала әкім Мұрат Әйтенов жеке кәсіпкер салып жатқан 1000 орындық мектептің құрылысымен танысты. Ілияс Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан білім ошағы апатты мектеп деп танылған. Ол бұрын 600 балаға шақталған болатын. Жаңа білім мекемесінің құрылысы осы жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Шымкентте 13 үш ауысымды, 1 апатты және 13 шағын ауданда мектеп жоқ екенін айтқан қала басшысы осыларды шешу үшін білім саласына жеке инвесторларды көптеп тарту қажет екенін алға тартты.

Сонымен бірге шаһар басшысы кәсіпкерлерге білім саласына қаржы құйғанда ақша табамын деп емес, ең әуелі ұрпақтың білімді болуына басты назар аударатындығына сенім білдірді.

Шымкент қаласындағы жаңа мектептер құрылысына жеке инвесторлар мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі кеңінен тартылуда. Алдағы бес жылда қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12, ал жеке инвестормен 40 мектеп салынбақ.

ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі