ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР «ТӨЛЕМ» КАРТАСЫНА ТЕЛЕГРАМ-БОТ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР «ТӨЛЕМ» КАРТАСЫНА ТЕЛЕГРАМ-БОТ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ
 
Шымкентте оқушылар мен студенттерге «Төлем» картасын алу үшін телеграм-бот іске қосылды. Осы t.me/TolemCardRegisterBot арқылы оқушы немесе студенттік билет картасын алу үшін мәліметтер жібере алады.
Алдымен оқушының немесе студенттің мәліметтерін жібереді, содан кейін бұл деректерді модератор тексереді. Егер бәрі дұрыс болса, өтініш берушіге карта құнын төлеу үшін «Kaspi.kz» -ке өту ссылкасы келеді.
Картаны жасау мерзімі - 7-10 күн.
Картаның дайындығын +7 775 213 9746 WhatsApp нөмірі немесе https://tolemcard.kz/ веб-сайты арқылы тексере аласыз (ЖСН енгізу қажет).
Дайын картаны «Төлем» фронт-кеңсесінен алуға болады.
Мекенжайы: Әл -Фараби алаңы №9, Айбергенов көшесінің қиылысы