ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 536 КОМАНДА ҚАТЫСАДЫ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 536 КОМАНДА ҚАТЫСАДЫ
Шымкент қаласында мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» өтеді.
Оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылып, әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталды.
Жобаға қатысу үшін 4 спорт түрінен 140 мектеп өтініш берген.
Атап айтқанда, Абай ауданы -146, Әл-Фараби ауданы - 105, Еңбекші ауданы 136, Қаратау ауданы -149 команда қатысуға ниет танытқан.
Ойын барысында фан-клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.