АҚЫН, ОЙШЫЛ ӘЛІШЕР НАУАЙДЫҢ 580 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

АҚЫН, ОЙШЫЛ ӘЛІШЕР НАУАЙДЫҢ 580 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Шымкент қаласының Білім басқармасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, өзбек этномәдени бірлестігі мен «Дустлик» қауымдастығы және Ә.Науай атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ұйымдастыруымен Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науайдың 580 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.
«Науай – заман мен халықтарды біріктірген ұлы тұлға» тақырыбындағы форум онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия елдерінің ғалым, мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.
Рухани кеш барысында қатысушылар мәдениетті дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ түркітілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттау мәселелерін қозғады.
Айта кетейік, халықаралық Ана тілі күні 1999 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жарияланып, 2000 жылдың ақпан айынан бастап жыл сайын тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікті насихаттау мақсатында атап өтіліп келеді.