ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТІП ЖАТЫР
Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық Мектеп Лигасы» басталды.
Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеп, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
«Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату, бес асық, Президенттік сынама, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) ақпан мен сәуір айлары аралығында өтеді. Он мыңнан астам оқушы қатысатын жарыс 4 кезеңнен тұрады: Іріктеу, аудандық, қалалық және республикалық дода.
Бүгінге дейін волейбол, баскетбол, футзал спорт түрлерінен сайыс өтті. Бұл ретте қалалық жарыста топ жарып, жеңіске жеткен командалар республикалық сайысқа жолдама алады. Сондай-ақ, жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломдарымен марапатталады.
Айта кетейік, «Ұлттық мектеп лигасының» өтуі бойынша Шымкент қалалық Бас санитарлық дәрігерінің рұқсаты бар. Яғни, спорттық сайыстар барлық санитарлық талапты сақтай отырып өтіп жатыр.