ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰЛҒАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰЛҒАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Оқушылар және студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасы мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіз елдің тұлғасы» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында қалалық іріктеу дебат турнирі өтті.
Дебат барысында №1, 41, 107, 47, 3, 90, 131, 88 мектеп оқушылары арасында пікір сайыс үш қазақ, орыс және ағылшын тілінде болды.
Қалалық іріктеу турниріне 24 команда 3 лига қатысты. Оның 14 қазақ, 6 орыс 4 ағылшын командасы үлес қосты.
Дебат нәтижесі төмендегідей.
Қазақ лигасы:
І-дәрежелі диплом — № 88 мектеп «Логика»;
ІІ дәрежелі — № 1 мектеп "Фортуна";
ІІІ дәрежелі — №80 мектеп «Болашақ»;
ІІІ дәрежелі — №90 ДБАМ;
Қазақ лигасы бойынша номинациялар:
«Дебаттық креатив» - Маратұлы Қанат;
«Үздік спикер» - Ералы Шұғыла;
«Үздік оратор» - Амангелді Мұхаммедәли.
Ағылшын лигасы:
І дәрежелі диплом — №107 мектеп;
ІІ дәрежелі — №1 мектеп "Элита"
ІІІ дәрежелі — №47 мектеп «047»;
ІІІ дәрежелі — №41 мектеп;
Ағылшын лигасы бойынша номинациялар:
«Дебаттық креатив» - Сапарбек Ғалия;
«Үздік спикер» - Иристаева Шахруза.
Орыс лигасы:
І дәрежелі — №47 мектеп;
ІІ дәрежелі — №1 мектеп «Зият»;
ІІІ дәрежелі — №41 мектеп;
ІІІ дәрежелі — №3 мектеп "Сириус".
Орыс лигасы бойынша номинациялар:
«Дебаттық креатив» — Ануарбек Арайлым;
«Үздік оратор» — Песигин Кирилл;
«Үздік спикер» — Бирганым Игисинова.
Турнир соңында Төрешілер жас дебатшыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта көшбасшы ретінде кәсіби тұрғыдан даму үшін үнемі ізденіс қажеттігін атап өтті.