«15 АҚПАН – КЕҢЕС ӘСКЕРІН АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРУ КҮНІН» МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

«15 АҚПАН – КЕҢЕС ӘСКЕРІН АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРУ КҮНІН» МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні №45 мектеп-гимназиясында «Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күнін» мерекелеу аясында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Кештің арнайы қонағы – Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болған, ақын, музыкант, журналист - Узденов Тахир Азретович. Іс-шараға 9-шы сынып оқушылары көрермен болып қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің әскери тарихындағы ұмытылмас оқиғалар арқылы оқушылардың бойында патриоттық рухты нығайту, өз Отанын қорғауға дайын, адамгершілігі мен түсінігі мол нағыз ер азаматтарды тәрбиелеу, Еліміздің тарихи-мәдени мұраларына және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру.

Тахир Әзретұлы – керемет ақын, тамаша музыкант, өте терең ойлардың иесі, оқып шыққан кітаптарының санына жету қиын, сөзсіз талант иесі және көпшіліктің сүйіктісі. Тахир мырзаның шығармашылықтағы және қоғамдық қызметтегі мол тәжірибелік сарқылмас білімі Елімізбен қатар шет елдерде де үлкен танымалдыққа ие.

Сұхбат форматында өткізілген шығармашылық кеш жылы да жайлы атмосферада өтті. Оқушылар ақынның орындауындағы әсерлі әуендерінен нәр алып, ақынға қызықты сұрақтарын қойды. Бүгінгі кештен жақсы әсер, позитивті көңіл-күй, тұшымды жауаптар мен құнды кеңестер алған оқушылар кеш соңында ақынмен естелікке суретке түсіп, алғыстарын білдірді.