ТЕОЛОГТАРМЕН ӨТКЕН ТАНЫМДЫ КЕЗДЕСУ

ТЕОЛОГТАРМЕН ӨТКЕН ТАНЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Бүгінгі қоғамда дәстүрлі және діни жат ағымдардың ара-жігін ажырата білудің маңызы аса жоғары. Діни сауаты болмаған адам адасуы әбден мүмкін. Діни сауаттылық, мәдениетке баулу бала кезден басталуы керек. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда Шымкент қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін ажырата білудің қажеттілігі жайында мектеп оқушыларымен танымдық кездесу өткізді.
Жастар діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтануды, сонымен қатар ислам діні мен дәстүрдің тығыз байланысты екендігін ұғындыру мақсатындағы кездесуге арнайы келген Дін танушы маман Күндебай Нұржан оқушыларға еліміздің дінге қатысты ұстанымдарын түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар қойған сұрақтарына жауап алып, дінге қатысты білімдерін толықтырды.