Шымкентте «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте   «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауының жеңімпазы анықталды
Шымкентте Респубика бойынша «OnlineMektep» платформасын белсенділік танытқан ұстаз үздік деп танылды.
Кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыратын, сонымен қатар OnlineMektep платформасын белсенді қолданатын мұғалімдер екінші тоқсанда екінші мәрте өткізіліп отырған «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауының жеңімпазы Шымкент қаласы, №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Минасилова Назыгүл байқау шарты бойынша 1948 жүктелімге қол жеткізіп, Алғыс хатпен қоса сенсорлы, көпфункционалды BilimBook (ноутбук) құрылғысын ұтып алды.
Білім беру ұйымдарында «Онлайн» сатысында білім беру жүйесі енген күннен бастап педагогтар арасында оқушылардың білімін жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы және бөлісуі аясында «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауы ұйымдастырылған болатын. Мұнда еліміздегі орта білім беретін педагогтер қатары байқау шарттарымен танысып, қатысуға шақырылған. Байқауға қатысу тегін!
Жалпы байқау шарттары Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org білім беру сервисіне тіркелуге тиісті, сонымен қатар қатысушының байқауға жолдайтын жұмысының саны шектелмейді, бұл ретте бір жұмысты тек бір рет жіберуге (жүктеуге) болады. Байқауға жолданған жұмыстар Online Mektep.org сайтында жиынтық бағалау бойынша авторлық әзірлемелерді жариялау тәртібі туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже) көрсетілген талаптарға сай болуға тиісті болатын. Байқауға жолданған жұмыстарды OnlineMektep.org қолданушылары жүктеп алу арқылы бағалайды.
Жеңімпаздар БЖБ (бір жұмыс) және ТЖБ (бір жұмыс) әзірлемелерінің ең көп жүктелген саны бойынша анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды. Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және осындай тың әрі қиын кезеңде қашықтан оқыту барысын тиімді ұйымдастыра білгені үшін алғысымызды білдіреміз.