Әдіскерлерге арналған "Үздік ЦИТ-2020" республикалық конкурсы өз мәресіне жетті .

Әдіскерлерге арналған "Үздік ЦИТ-2020" республикалық конкурсы өз мәресіне жетті .
Шымкент қаласының «Әдістемелік орталығы» Еліміздегі білім саласында орны бар цифрлық ресурстармен қамтамасыз ететін «Bilim Media Group» компаниясы ұйымдастырған "Үздік ЦИТ-2020" республикалық конкурсының «Мегаполистер арасындағы үздік ақпараттық технологиялар орталығы - 2020» номинациясы бойынша республикалық байқау жеңімпазы атанды.
Өткен жылдың 16 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында "Bilim Media Group" ЖШС компаниясы облыстық және қалалық ақпараттық технологиялар орталықтары, сондай-ақ білім беруді цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық әдіскерлер арасында республикалық "Үздік ЦИТ-2020" конкурсын өткізген болатын. Бүгінде конкурс нәтижелері қорытындыланып, білім көкжиегін кеңейту көпірінде сынға тсүкен байқау жүлдегерлерінің жеңістері жарияланды.
Республика бойынша порталға қосылған 15 өңір қатысты. Жалпы, Аталған іс-шараның мақсаты қашықтықтан оқыту технологиялары мен OnlineMektep (OnlineMektep) сервисінің көмегімен елдегі онлайн-білім беру сапасын арттыру және дамыту сатылары, сонымен қатар байқаудың шарты білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жүйемен жұмыс жасау, белсенділігін арттыру еді.
"Республиканың үздік ИТП 2020" номинациясы” ,"Облыстың үздік әдіскері 2020" номинациясы” тағы осы сынды түрлі номинациялар тізбегі нысанаға алынған конкурс нәтижесінде "Мегаполистер арасындағы үздік ақпараттық технологиялар орталығы -2020" номинациясы” бойынша Жеңімпаз: Шымкент қаласы болды. Сынға түскендер Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Шымкент қаласы болды. Аталған номинацияға жүлде қоры 500 000 теңге және дипломмен марапатталды. Үшінші Мегаполистегі Әдістемелік орталық әдіскерлері А.Турсынова мен А.Джуватаев байқау шартына сәйкес сыйақыға ие болды. Құттықтаймыз !