«Ұлағатты ұрпақ» жобасы

«Ұлағатты ұрпақ» жобасы
Шымкент қаласы № 30 Ораз Жандосов атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Ержанұлы Бердібай Мәдениет және Спрот министрлігі ұйымдастырған «Ұлағатты ұрпақ» жобасына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жуырда , 1-11 сынып оқушылары үшін арнайы әзірленген Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт минмстрлігінің 2020-2021 жылдарға арналған «Ұлағатты ұрпақ» мәдени –білім беру жобасы іске қосылған болатын.
Алдымен, ұсынылған жобаны әрбір оқушы «madeni-m. kz» сайтынан көріп, жобамен танысты. Сондай-ақ, оқу жылының I-II оқу тоқсанында оқушылар аталған сайт арқылы музыкалық өнер, театр өнері, кинетамография, бейнелеу өнері және «Қасиетті Қазақстан» атты 5 бағыт бойынша ой-өрістерін шыңдады. Қазақ және орыс тілдерінде ұзақтығы 15 минуттан аспайтын, қысқаша форматта бейнедәрістермен жұмыс жасады .
Әсіресе, мұнда балалар үйден шықпай- ақ , Қазақстанның қасиетті жерлеріне витаульды саяхаттай алды, сонымен қатар, дәстүрлі өнер, опера, балет, драма сынды өнерлердің озық үлгілерін көріп, Қазақстандық және шетел кинофильмдері мен мультфилмдерін тамашалап, әсем музыкалық шығармалардан ширап , музыка өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.
Бүгінде, жас ұрпақ үшін маңыздылығы айрықша жобаға барлық өңірдерден оқушылар тіркеліп, тест сұрақтарына белсенді жауап беруде. Болашақта аталған жобаны жоғары деңгейде насихаттап, оқушылардың қызығущылығын арттыру мақсатында тест сұрақтарына белсене қатысып, жоғары ұпай жинаған бірнеше оқушы іріктелініп алынды. Аталған оқушылар қатарында Шымкент қаласы № 30 О. Жандосов атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Ержанұлы Бердібай ҚР Мәдениет және Спрот министрлігі атынан келген алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!