Шымкентте lll тоқсан басталып кетті

Шымкентте lll тоқсан басталып кетті
Үшінші Мегаполистегі білім беру ұйымдары бүгінде ІІІ тоқсанда бітіруші сыныптарды (9, 11 сыныптар) "кезекші сыныптар" қағидаты бойынша 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытып отыр.
Соның бірі Шымкенттегі №7 Қ. Сыпатаев атындағы IT мектеп лицейі. Білім мекемесі ІІІ тоқсанды барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бастады. Нысанаға алған аталған білім мекемесінің жоғары сынып оқушылары үшінші тоқсан тосын жаңалықтарымен келгеніне қуанышты. Бәрінен де, мектепке келіп білім алып жатқанымыз үшін қуанамыз ,,-дейді мектеп лицейдің 11б сынып оқушысы Бекзат Нұрзат
Бекзат Нұрзат, №7 Қ. Сыпатаев атындағы IT мектеп лицейінің 11 б сынып оқушысы
«Қашықтан оқу біз үшін жеңіл болмады. Өйткені бұрын-соңды мұндай тәсілмен білім алмағанбыз. Сонда да, Онлайн болса да барынша білім алуға ұмтылдық. Себебі , біз биыл бітіруші түлекпіз. Мен осы қашықтықтан оқу мен мектепке келіп оқудың айырмашылығы жер мен көктей дей аламын. ұстазымыздың жүзіне қарап , ұйып сабақ тыңдағандай әсер алмасақ та , онлайн оқуда да барынша әрекеттеніп, монитор арқылы ұғуға, оқуға ұмтылдық. Бәрібір мектепке келіп оқығанға не жетсін. Оның үстіне мектепке, сыныптасқа, ұстазға деген сағыныштар болды. Мен жалпы үшінші тоқсанды мектептен бастағаныма қатты қуаныштымын»
Аталған білім ошағында бүгінде. бірінші және екінші ауысымда 49 топ, ал, жалпы 98 топ білім алуда. Мектепте барлық санитарлық талаптар өз деңгейінде сақталған.
Жалпы, Шымкент қаласында оқу жылында 9 сыныпта 16 226 оқушы, 11 сыныпта 9 584 оқушы білім алуда. Офлайн оқушылар орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы сабақтарына қатысады.
Бұл оқу пәндерінің 70% - ын құрайды. Қалған 30% қашықтық форматта өтеді. Бұл информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық.
Мектептерде икемді кестелер жасалады, сабақтар арасындағы өзгерістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта болады, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар көбейеді. Бір сабақтың уақыты - 5 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайды. Сабақ кестесін құру кезінде жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен қажеттіліктері, сондай — ақ 11 сынып оқушыларының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және кіріктірілген сабақтарды өткізу мүмкіндігі ескерілетін болады.
Оқушылардың білімін тексеру және қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Сабақ уақыты - кесте бойынша жүргізіледі.