ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ ТАРАТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ  БАЛАЛАРҒА  ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ  ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Президент шыршасының жаңа жылдық сыйлықтары таратылды .
Шаhaр басшысы Мұрат Әйтенов Шымқаладағы төрт баланың шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан келген құттықтау хатын оқып, сыйлықтарын табыстады.
Жалпы , Президент сыйлығын алған балаларды әрбір мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі шешкен болатын. Аталған кеңеске ата-аналар, депутаттар мен кәсіпкерлер кіреді. Кеңес мүшелері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 200 оқушыны іріктеп алынды. Іріктелген тізім білім басқармасы жанынан арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтті. Коммиссия құрамына «Адалдық алаңы» өкілдері, қоғам белсенділері және блогерлер енді. Бұдан бөлек, тізімді жасақтау отырысына қоғамда белсенділік танытып жүрген көпбалалы аналар бақылаушы ретінде қатысты.
Мемлекет басшысы атынан тағайындалған сыйлық ең алдымен ерекше білімді қажет ететін балалар және өмірлік қиын жағдайға түскен отбасының балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге тарқатылды. Ал, қалған 196 балаға арналған мерекелік сыйлықтар почта арқылы жеткізілді.
Мерекелік іс - шара эпидемиологиялық-санитарлық талаптар ескеріле отырып ұйымдастырылды.
 
ФОТО: БЕРЕКЕ СЕЙІТЖАППАР