«Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл» қайырымдылық іс-шарасы өтті.

«Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл» қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Үшінші Мегаполис әкімі М. Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан № 4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл» қайырымдылық мерекелік іс-шара ондағы сексенге жуық тәрбиеленуші қаракөздер көңілдеріне шаттық сыйлады. Безендіріліген шырша маңайында қиялғажайыпқа толы ертегілер әлеміндегі көріністер шыршатойдағы балалардың жүректерін жадыратып, жанарларын қуантты.
Шырша шамдарын жаққан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз құттықтау тілегінде балаларға Ел ертеңі өздері екенін айта келіп, ол үшін терең білім мен жан-жақты дамуға жігерлендірді. Мұннан соң, алуан түрлі тәттілерге толы сыйлықтарды кішкентай жеткіншектерге табыстады. Мерекелік іс-шара соңы мұндағы өрендердің өнерлерімен өрнектеліп, өлеңдермен өрілді.