Ғажайыпқа толы жаңа жыл!

Ғажайыпқа толы жаңа жыл!
Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды. Биыл дәстүрлі Президенттік шыршаға арналған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты мерекелік іс -шара балалар көңіліне ғажайыпқа толы көңіл -күй сыйлады .
Жаңа жыл әрбір баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Ал Президенттің шыршатойына қатысуды армандамайтын балғын жоқ шығар, сірә.
Биыл Аяз ата хат жазған балалардың тілегін бұлжытпастан орындады. Президент шыршасының сыйлықтарын үлестірді. Өңіріміздің кішкентай өрендеріне арналған Сыйлықтар Үшінші Мегаполистен 200 балаға таратылды. Аяз ата мен Ақшақар бастаған топ , әр отбасыға арнайы барып , ғажайыпқа толы қоржын ішінен Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаттарын жеткізіп, сыйлықтарын табыстады.
Алуан түрлі тәттілер, ертегілер әлеміне енетін ғажайып кітаптар мен сый-сыяпаттарға ие болған Шымкенттік кішкентай тұрғындар Президентіміз Қ. Тоқаевақа жүрекжарды алғыстары мен тілектерін жеткізді. Ал, Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып , домбыра шертті .
ФОТО: С. ҚОСАЕВ