Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында "ZOOM" платформасында семинар ұйымдастырылған болатын . Бөлім әдіскері Г. Исмайлова мектепалды даярлық тобындағы жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтып өтсе, N 52 мектеп- лицей директорының бастауыш оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ. Алымбекова қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы N 345 бұйрығын негізге ала отырып, қашықтан білім беру талаптары мен бейне сабақтарды әзірлеу жолдарын өз баяндамасында түсіндіріп өтті. Сонымен қатар N62 жалпы орта мектебі МАД тобының тәрбиешісі Л.Сыдықова "Мектепке дейінгі білім беруде сыни ойлау тапсырмаларын құрастыру жолдары" тақырыбында баяндама оқыды. Семинар соңында МАД тәрбиешілерін толғандырып жүрген сұрақтар талқыланып, бөлім әдіскерлері тарапынан қолдау көрсетілді.