1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегімен, балалық шағы, оның қызметімен таныстыру және оқушылардың білімдерін, ақыл – ойларын, сөздік қорларын дамыту мен оларды еңбекқорлыққа, елін, жерін сүюге, патриоттыққа, Елбасын үлгі тұтуға, құрметтеуге, тәрбиелеуге жетелеген Шымкенттегі Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатында "1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне" орай қараша айында арнайы жоспарлар түзіліп, алуан түрлі іс-шаралар мен тәрбие сағаттары өткізіліп келеді. 6-8 сыныптар "Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы", "Ел мақтанышы Елбасы", "Елдің туын желбіреткен Елбасы" тақырыптарында тәрбие сағаттары талқыланса , ал, 9-сынып ұландары "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы бойынша эссе жазып, презентациялар қорғады.