ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты АҚСУ жазғы сауықтыру лагерінің IV ауысымына және «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алу үшін өтінім қабылдау QOSYMSHA ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде.

Өтінім беру үшін QOSYMSHA ақпараттық жүйесіне кіріп, қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

 Өтінімдер электронды форматта қабылданады.

Қызмет көрсету тәртібі мен талаптары ақпараттық жүйеде толық көрсетілген. 

Қосымша ақпаратты білім беру ұйымынан немесе жауапты мамандардан ала аласыздар. 

АҚСУ және «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерлері – балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне, денсаулығын нығайтуына, жаңа достар тауып, жарқын әсерлерге бөленуіне тамаша мүмкіндік. 

Балаларыңызға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас жазғы демалыс сыйлаңыздар!