
Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тарихи қадам.
Жаңа Ата Заңда мемлекеттік басқару құрылымы жетілдіріліп, Вице-Президент институты енгізіледі. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылып, оның депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланады. Сонымен қатар заңнамалық бастамалар көтеріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Халық кеңесі жұмыс істейтін болады.
Конституциялық реформалар аясында адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері одан әрі жетілдіріледі. Бұл өзгерістер әділетті қоғам құруға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді.
Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуі құтты болсын! Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!