«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

Бүгін  Шымкент қаласы білім басқармасында  АNTIKOR Life жобасы аясында «Адалдық-ардың ісі» атты сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру  мақсатында «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  ұйымдастырылды. Іс-шараға Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің менеджері Амангелді Айғаным, Жалын жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі, спикер Байзахова Сабира Мұратқызы, Шымкент қалалық Адалдық алаңы жобалық кеңсесі  орталығының  ААТ лекторы, ОҚМПУ доценті Тлеуова Сауле Сабырбекқызы, «Азаматтық бақылау» жобасының Шымкент қаласы бойынша менеджері Каражан Занғар Қамбарұлы  қатысып, басқарма қызметкерлерімен сұхбаттасып, пікір алмасты .  Сонымен қатар  арнайы  дайындалған  тақырыптық  бейнероликтер көрсетілді.