ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алу үшін өтінім қабылдау жұмыстары QOSYMSHA ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Өтінім беру үшін QOSYMSHA ақпараттық жүйесіне кіріп, қажетті мәліметтерді толтыру қажет.
Өтінім қабылдау электронды форматта жүргізіледі.
Қызмет көрсету тәртібі мен талаптары ақпараттық жүйеде көрсетілген.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымынан немесе жауапты мамандардан алуға болады. «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагері балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне, денсаулығын нығайтып, жаңа достар тауып, пайдалы да жарқын әсерлерге бөленуіне мүмкіндік береді.
Балаларыңызға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас жазғы демалыс сыйлаңыздар!