Еліміздің үшінші мегаполисінің Саз колледжі ТМД-ның мәдени астанасы болған жылы тағы да Халықаралық онлайн жеңістерімен қуантты!

Еліміздің үшінші мегаполисінің Саз колледжі ТМД-ның мәдени астанасы болған жылы тағы да Халықаралық онлайн жеңістерімен қуантты!

2020 жылғы 16-20 қазан аралығында KRASIGZYN (Польша) қаласында «Krasiczyn Castlе melodies» Халықаралық онлайн-өнер байқауы өтті. "Музыка теориясы" номинациясында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саз колледжінің I, IІI, IV курс студенттері Қазақстан Республикасы атынан қатысты. Байқауда музыкалық үзінділер (домбыра, қобыз, гитара, фортепиано, вокал) бейнеленген фильм-презентациялар форматында бейнематериалдар көрсетілген болатын.
Халықаралық байқауларда біздің басты міндетіміз Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау болғандықтан:
1. Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұрасы (Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған);
2. Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың - 90 жылдық мерейтойы жайлы тақырыптарды қамтыды.
Халықаралық байқауға әлемнің әр елінен және әр түрлі жас санаттарында барлығы 100-ге жуық қатысушы қатысты.
Байқау нәтижесі келесі жеңімпаздар анықталды:
1. Жарылқасын Балқадиша – «музыка теориясы» бөлімінің 1 курс студенті - І дәрежелі лауреат;
2. Ким Артем – «музыка теориясы» бөлімінің 1 курс студенті - І дәрежелі лауреат;
3. Сейдуалы Сымбат – «музыка теориясы» бөлімінің 1 курс студенті - І дәрежелі лауреат;
4. Серкебаева Амина – «ән салу» бөлімінің 3 курс студенті - І дәрежелі лауреат;
5. Исмаилова Иродахон- «музыка теориясы» бөлімінің 4 курс студенті - І дәрежелі лауреат;
Жеңімпаздарды жоғары деңгейде дайындаған «Музыка теориясы» бөлімінің ұстаздары: Л.С. Сардарова, О.В. Дмитриева, З.В. Митрофанова арнайы дипломмен марапатталды.
Колледж директоры Сералы Шабаевич Тлеубаев жеңімпаздарды арнайы құттықтап, шығармалық шабыт пен сәттілік тіледі. Жеңіс құтты болсын!!!!