Әліппені 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарлануда

Әліппені 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарлануда

«Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев Шымкент қаласына келіп, оқулықтардың сапа мен мазмұны туралы, сонымен қатар «Әліппе», «Букварь» оқулығын енгізу бойынша апробация жұмыстарының ұйымдастырылу мазмұнымен танысты. Шымкент қаласынан апробацияға қатысатын №№1,20,23,25,47,65 мектеп мұғалімдері өз пікірлерін ортаға салып, апробация өткізу жоспарымен танысты.
Жалпы әліппені 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарланған. Әліппенің жалпы мазмұны Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесін пайдаланып жасалатыны және ұлттық құндылықтарға негізделіну керектігіне баса назар аударды.Бұл жүйе, біріншіден, оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қарай білетін: дыбыстардың реті, қолдану жиілігі ескерілді.
Сонымен қатар жиында кітапхана мәселесі де қозғалып, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ауқымды жобалар өткізу жұмыстары да талқыланды