Шымкент қаласының білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарды жазғы жинақтау кестесі туралы хабарлайды

Шымкент қаласының білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарды жазғы жинақтау кестесі туралы хабарлайды

 

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы
30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба «ақша баламен бірге жүреді» қағидаты негізінде жүзеге асырылуда.

Аталған жоба 2024 жылғы 24 қазанда іске қосылып, мемлекеттік қаржыландыруды ата-аналардың таңдауы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына бағыттауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуы қамтамасыз етіліп, балабақшаға кезек айтарлықтай қысқарды, қаржыландыру саласындағы заң бұзушылықтар азайып, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестік пен көрсетілетін қызметтердің сапасы артты.

 

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды жазғы қабылдау басталады

 

2026–2027 оқу жылына дайындық шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесінде кезектерді автоматты түрде қайта қалыптастыру жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 2 жасқа толған, сондай-ақ 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2 жасқа толатын балалар 21-санаттан жас ерекшелігіне және жеңілдіктердің болуына қарай тиісті санаттарға ауыстырылады.

Маңызды: 21-категория бойынша ваучерлер берілмейді.

Жоғары кезекке ауыстырылғаннан кейін балалар ваучерлерді бөлу процесіне қатыса бастайды. Болжам бойынша бұл өзгеріс шамамен 15 000 балаға әсер етеді.

 

  • жылғы 20–30 маусым аралығында:
  • мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау уақытша тоқтатылады;
  • ваучерлер беру тоқтатылады;
  • 6 жасқа толған тәрбиеленушілерді шығару және 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа топтарды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

1 шілде күні сағат 18:00-де:

  • кезектерді қайта қалыптастыру аяқталғаннан кейін жүйеде балаларды қабылдауға арналған бос орындар ашылады.
  • алдымен бос орындар баласын бір балабақшадан екіншісіне ауыстыруды жоспарлаған ата-аналарға арналған күту парақтарына ұсынылады.

Сағат 19:00-де қалған бос орындар барлық ваучер иелеріне қолжетімді болады.

 

Маңызды ақпарат:

           Күту парағына өтінім беру құқығы тек қолданыстағы ваучері бар және мектепке дейінгі ұйымға қабылданған балалардың ата-аналарына ғана беріледі.

 

Ваучерлерді беру тәртібі

  • Ваучерлер BALABAQSHA ақпараттық жүйесі арқылы кезектілік тәртібімен автоматты түрде беріледі.
  • Ваучердің берілгені туралы хабарлама:
  • ED24 мобильді қосымшасына;
  • BALABAQSHA жүйесіндегі жеке кабинетке жіберіледі.

 

Ваучер алғаннан кейінгі іс-қимыл тәртібі

Ваучер берілгеннен кейін ата-ана 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеке кабинет арқылы оны пайдалануға келісімін растауы тиіс.

Расталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

  • мектепке дейінгі ұйымды таңдау;
  • электрондық шарт жасасу қажет.

Белгіленген мерзімде растау жүргізілмеген немесе шарт жасалмаған жағдайда ваучердің күші жойылады.

 

Қажетті балабақшада бос орын болмаған жағдайда:

  • баланы қолжетімді жақын орналасқан мектепке дейінгі ұйымға орналастыру ұсынылады;
  • сонымен қатар қалаған балабақшаға күту парағы арқылы өтінім беруге болады.

Бір уақытта төрт мектепке дейінгі ұйымға дейін таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

 

Электрондық келісімшарт үшін қажетті құжаттар:

  • баланың фотосуреті;
  • профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны);
  • баланың денсаулық паспорты (№ 051-2/у нысаны);
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 027/у нысаны);
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ПМПК қорытындысы.

Ата-аналарға құжаттардың электрондық көшірмелерін PDF немесе JPEG форматтарында алдын ала дайындау ұсынылады. Әр файлдың көлемі 1 МБ-тан аспауы тиіс.

 

Назар аударыңыз!

Егер балабақшадағы вакцинацияланбаған балалардың үлесі 10%-дан асса - мекеме келісімшарт жасасудан бас тартуға міндетті.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес: ұжымдық иммунитет деңгейі кемінде 90% болуы тиіс.

 

Ата-аналарға ұсыныстар:

  • BALABAQSHA жүйесіндегі мектепке дейінгі ұйымдар туралы ақпаратпен алдын ала танысу;
  • қызығушылық танытқан ұйымдарға барып көру;
  • бос орындардың шектеулі болу мүмкіндігін ескере отырып, бірнеше балама нұсқаны қарастыру.

 

            ED24 мобильді қосымшасындағы хабарламаларды және BALABAQSHA жүйесіндегі жеке кабинетті тұрақты түрде бақылап отыруларыңызды сұраймыз.