ІІ тоқсан қалай басталмақ?

ІІ тоқсан қалай басталмақ?
Бұл туралы кеше қала әкімдігінің ақпараттық -коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы айтып берді.
Жалпы, бүгінгі таңда қаламыздағы 178 мектепте 224 329 оқушы білім алуда. Айта кетейік, І тоқсанда жалпы 1-4 сыныптар аралығында 51 196 (23%) оқушысы 4 016 кезекші сыныпта және 173 133 (77%) оқушы қашықтықтан оқыды. Ал, ​2 тоқсаннан бастап Шымкент қаласының 300-ге дейін оқушы контингенті бар тоғыз мектеп (қала шетінде орналасқан) санитарлық талаптарды сақтай отырып 1-11 сыныптар дәстүрлі форматта оқуды бастайтын болады- деді өз сөзінде басқарма басшысы .
Сонымен қатар, ІІ тоқсанда ата аналар өтініші негізінде 1-5 сыныптардан 5893 кезекші сыныптар ашылып
82 720 оқушымен штаттық режимде білім беруді бастағалы отырмыз.
Ал қалған 161 087 (72%) оқушы қашықтықтан білім алуды жалғастырады.
​Барлық мектептерде «Bilim Iand - Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған.
Ал, 31 колледжде қашықтан оқыту «Smart Nation College» интернет платформасында іске асырылуда. Колледждегі жалпы студенттер саны – 27 046 (11 мемл. – 14 031, 20 жекем. – 13 015), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студент саны – 11 427.
​Сонымен қатар, барлық мектептер ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде.
​Мектепке дейінгі ұйымдарда да ата-аналардың қалауы бойынша 15 баладан аспайтын кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, 3 566 кезекші топта 42 178 бала тәрбиеленуде. Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан сүрақтар беріліп ,жауаптар алынды.