
2026 жылғы 12 мамыр мен 10 шілде аралығында республика көлемінде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл Шымкент қаласы бойынша 16 032 мектеп бітіруші бар. Соның ішінде 10 287 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.
Биылғы негізгі ҰБТ Шымкент қаласында электронды форматта ұйымдастырылуда. Талапкерлерге грант конкурсына қатысу және ақылы бөлімге түсу үшін тестілеуді екі рет тегін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, қалада ҰБТ өткізу үшін 4 аймақтық тестілеу орталығы жұмыс істейді:
– Д.Қонаев даңғылы, 21;
– 8 Наурыз көшесі, 22;
– Байтұрсынов көшесі, 68;
– Қаратау ауданы, 225-орам, №426 ғимарат.
Қазіргі уақытта тестілеуді ұйымдастыру белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. ҰБТ-ның ашық, әділ әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасалған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі