
Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов Шымкентте 273 мың оқушының 115 мыңы (42%) қосымша біліммен қамтылғанын, сабақтар 646 үйірмеде өтетінін баяндады.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қалада ваучерлік қаржыландыру негізінде бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе ашықтықты арттырып, ата-аналарға үйірмелерді еркін таңдауға мүмкіндік берді. Жоба аясында 28 мың бала қосымша біліммен қамтылды.
Сонымен қатар, сабаққа қатыспаған немесе қайтадан тіркелген 16 мыңнан астам бала жүйеден шығарылып, нәтижесінде 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделді.
Қамтуды кеңейту мақсатында 84 мектепте үйірмелер мен секцияларды жүргізу үшін педагогтарды қосымша қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл шамамен 50 мың баланы қамтып, жалпы көрсеткішті 60%-дан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.