
Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
9–11 сынып оқушылары қатысқан зияткерлік додаға еліміздің барлық өңірлерінен 309 дарынды оқушы қатысты. Шымкент қаласынан - 12 оқушы аталған жарыста бақ сынады.
Бәсекеге толы білім сайысының қорытындысы бойынша шымкенттік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ:
І орын - Усентайұлы Иманғали - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 ІТ лицей-интернаты, «География» пәні, 9-сынып;
ІІІ орын - Бабайхан Дәулет - «Білім - инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, «География» пәні, 10-сынып;
Грамота - Молдабек Мейрамбек - «Білім - инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, «География» пәні, 9-сынып.
Бұл — талапты жастардың тынымсыз ізденісі мен ұстаздар еңбегінің үйлесімді нәтижесі.