
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Білім додасына әлемнің 16 елінен 612 дарынды оқушы қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Қатысқан елдер қатарында: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар.
5 күнге созылған білім бәйгесінің қорытындысы бойынша қатысушылардың 60%-ға жуығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.
Марапат иелерінің қатарында Шымкент қаласының 2 оқушысы бар екенін зор мақтанышпен айтамыз.
Алмасхан Арсен – физика пәнінен
«Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы,
ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегері.
Назарбай Мерей –
осы білім ордасының 11-сынып оқушысы,
ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль иегері.
Нағыз кіл мықтылар сынға түскен халықаралық додада оза шапқан жас физиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, шәкірттерді білім биігіне жетелеген пән мұғалімдері мен жаттықтырушыларға,
«Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының ұжымына ерекше алғыс білдіреміз!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!