"Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасының үздік жеңімпаздары анықталды

"Қазақстан Республикасы  колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасының үздік жеңімпаздары анықталды
Жалпы, аталған жоба талантты жастарды қолдауға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған болатын. Республикалық байқауға 338 студент қатысып бақтарын сынады. Айта кетейік, Жоба жеңімпаздары бұдан былай өз мамандықтары бойынша кәсіпорын басшыларынан жұмысқа орналасуға шақыру ала алатын болады. Байқау қатысушыларының басым бөлігі «Мехатроника», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер», «Web-дизайнер», «Дәнекерлеуші», «Техник-электроншы», «Супервайзер», «Құтқарушы», «Электр жабдықтарын монтаждаушы» және т.б. мамандықтар бойынша білім алып жатыр.
Үшінші Мегаполис колледждерінен 4 студентіміз үздік студент атанды. Республика көлемінде өткен байқауда бәйгесі оза шапқан мақтаныштарымыздың бірі Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Политехникалық колледжінің «Электрмен Жабдықтау» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенті
Тимур Николаевич Казьмин
Шымкент қаласындағы білім басқармасына қарасты М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білімін ұштап жатқан 4-курс студенті, үздік жеңімпазымыз
Омирзах Дастан Нұрланұлы
Байқауда сыннан сүрінбей өткен қос жеңімпаздарымыз Шымкент қаласы Білім басқармасының № 6 колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының болашақ иегерлері 3- курс студенттері
Кенжебек Байтұрсын Нұрланұлы
Усманов Хабибула Лутфулаевич
Құттықтаймыз ! Жарайсыңдар !