Сын сағатындағы «кезекші сыныптар»

Сын сағатындағы  «кезекші сыныптар»
Бірінші тоқсанды еңсеруге де санаулы күндер қалғаны жасырын емес. Індеттің салдарынан биыл жаңа оқу жылы оқушылар қауымы қашықтан білім алып жатқаны баршаға аян. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін (1- 4 сыныптар үшін) «кезекші сыныптар» ашылды. Осы ретте Шымқаладағы №129 жалпы орта білім беретін мектептегі «кезекші сыныптардың» жағдайымен танысып қайтқан болатынбыз. Аталған білім ошағында барлық шараларды ескере отырып, жұмыс барысы ауқымды атқарылуда. Оқушыларымыз барынша барлық білім беру платформаларын тиімді қолдануды күн тәртібіне енгізген. Бұл орайда оқушының барлық жағдайы (аз қамтылған, көп балалы отбасы, тұл жетім) ескеріліп, мемлекет тарапынан берілген компьютер, интернеті бар чиптермен қамтамасыз етілді. Оқушыларымыз бар мүмкіндікті пайдалана отырып, ұстаздарымыздың арқасында өз деңгейінде білім алуда. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашықтықты жария еткен «Ақиқат алаңы» және «Адал көмек» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Айта кетейік, биылғы оқу жылы қаламыздағы барлық білім мекемелерінде дәстүрлі алғашқы қоңырау үнін естімесек те, 1-қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылы басталуына байланысты, короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптардың сабақтары штаттық режимде оқытылу ұйымдастырылды. Ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша 8 кезекші сыныптар, яғни 16 топ ашылып, қатаң санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сабақ өтілуде. Кезекші сыныптарға бастауыш сынып 8 мұғалім бекітілген. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды кезекші сыныптарда оқуға жіберу арқылы балалардың қоғамдық ортада болатындығына және тәж вирусын жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдірді және олардың тарапынан инфекцияны жұқтыру қаупіне жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қамтамасыз етіліп, ескертілді. Айтып өтейік:
– әлеуметтік алшақтық үшін ауысымдарды ұлғайтылды және ауыстырылды;
– білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқартылды;
– әлеуметтік алшақтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңдарын барынша пайдалануда;
– кабинеттік жүйе жоқ;
– әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастырылды;
– мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күнделікті өлшенуде;
– әр үзілістен кейін, ауысымдар, кіші ауысымдар арасында сынып бөлмелеріндегі, дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар арасындағы ылғалды жинап, сөндіргіштерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезе төсеніштерін дезинфекциялау;
–сынып балаларының жағдайын бақылап отыру.
Дегенмен де туындап жатқан түрлі қиындықтарды мектеп ұжымы ұтымды шешіп, жетекшілер тарапынан әрдайым оң шешім тауып отыр. Алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі тиімді іс жүргізіп еліміздің бүгінгі ахуалында белсенділік танытып, зиялы қауым ретінде өз үлестерін мейлінше жоғары деңгейде қосуды үлкен міндет деп біледі. Жалпы, білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарында кезекші сыныптар бойынша барлық санитарлық талаптарды сақтау қағидалары қатаң сақталған.