Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
(Бәсекеге қабілетті маман даярлау – басты мақсат)
Еліміздегі білім саласындағы негізігі бағыт – білім сапасын көтеру, жоғары білікті, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, өз саласы бойынша заманауи біліктілік талаптарына жауап бере алатын мамандар дайындау. Бүгінгі жастардың өзі қалаған белгілі бір мамандықты оқып, игеріп, алған теориялық білімдері мен тәжірибесін кәсібіне сай дұрыс пайдалануға үйрету, осы негізде олардың кәсіби өсуі мен мансабына ықпал етіп, жағдай жасау орта оқу орындарының негізгі міндеті болып табылады. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде де оқытушыларға қойылатын талаптар жоғары.
Әрбір жастың білім алуға, қалаған маман иесі болуға, қалыпты тұрмысын жасап, еңбекке орналасуға құқығы бар.
Осы орйда, білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Ынтымақтастық туралы Меморандумға тараптар қол қойды. Шымкент қаласының білім басқармасы мен ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЛАР (НПО) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзыретті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша көрсеткен басымдықтарды іске асыру мақсатында осы Меморандумды Тараптар таңдады. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, білім берудің инновациялық түрлерін енгізуге, жаңа буын балаларын оқыту мен тәрбиелеуге, бүкіл білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие болатындай құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламалары.
Аталған Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттарын айқындайды:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулықты нығайту бірлігі принципін ескере отырып, білім беру ұйымдарының сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
2) әр баланың бейімділігін, қабілетін, дарындылығын дамытуға бағыттау;
3) оқушыларды оқыту және тәрбиелеу, олардың азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру (балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Түркістан өлкесінің тарихи жерлеріне саяхат жасау);
4) ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЛАР (НПО) мен Білім беру басқарманың қызметін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу;
5) білім беру сапасын арттыруға, жаңа инновациялық формаларды енгізуге бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру: интеллектуалды марафон, «кәсіпкерлік негіздерін оқытуды» енгізу, ментальды арифметиканы енгізу және осы бойынша олимпиадалар ұйымдастыру және т.б.;
6) тараптардың кез келгені тиісті қызмет салаларында ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға Тараптар өкілдерінің қатысуы, Тараптар жинақтаған тәжірибемен және біліммен алмасу;
7) тараптар келіскен ынтымақтастықтың кез келген басқа түрлері.