Менің кіші Отаным

Менің кіші Отаным

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын іске асыру шеңберінде «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» «Туған жер» бағдарламасының бөлігі бойынша Шымкенттегі «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың қарашаның  14 –ші жұлдызында жұмыс жоспарына сәйкес жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІIІ облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізген болатын. Байқаудың мақсаты-туған елінің тарихына, олардың шығармашылық қабілеттеріне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтылық сезімін дамыту,сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімін дамыту.
Zoom платформасында тікелей трансляция арқылы өткен бейнебайланыста Үшінші Мегаполистің 49 білім ошағынан 175 оқушы қатысты. Облыстық іріктеу кезеңі «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалары бойынша өткізілді. Айта кетейік, аталған конкурс қаламыздағы №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернат базасында өттті. Конкурстың әділ,әрі заңға сәйкес өткізілуін Шымкент қаласы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бақылады. Олимпиада барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.
Жалпы, конкурс 4 номинация бойынша өткізілді.
1) «Менің кішкентай Отанымның тарихы»
2) «Кішкентай Отанымның символы»
3) «Менің кішкентай Отанымның болашағы"
4) «Менің туған өлкем»
Номинация жеңімпаздары (І орын алған оқушылар) конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды. Республикалық кезең 2020 жылдың 3-5 қараша аралығында онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Республикалық кезеңге өткен оқушылар тізімі:
1) Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Пайзахматов Илхом - «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша.
2) №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы - Назарбаев Нұрбақыт - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша.
3) № 78 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Мұратбек Медет - «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша.
4) №89 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мықтыбек Бексұлтан - «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша.
Жүлдегерлер (ІІ және ІІІ орын) тізімін www.daryn-shymkent.kz сайтынан көре аласыздар. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ойы озық, шығармашылық шеберлігін шынайы көрсете білген жеңімпаздарды құттықтаймыз!