Қашықтан оқыту: ізденіс пен тәжірибелер

Қашықтан оқыту: ізденіс пен тәжірибелер
«Қашықтан оқыту: ізденіс пен тәжірибелер» Республикалық-практикалық вебинар өтті.
Шымкент қаласының әдістемелік орталығының Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе «Қашықтан оқыту жағдайында ТЖБ,БЖБ алу қағидаттары» тақырыбында «ZOOM» жүйесі аясында Республикалық-практикалық вебинар өтті. Жалпы республика бойынша аталған вебинарға 300-ге жуық педагогтер қауымы қатысты. Онлайн режиминде өткен вебинарда Әдістемелік орталығының әдіскері Шолпан Айтбаева қашықтықтан оқыту кезінде видеоны жасаудың жолдары, оны жасаудағы қолжетімді нұсқа, презентация бейнеге түрлендіру жөнінде іс¬ тәжірибесімен бөлісті. «Қашықтан оқыту тәжірибелерімен бөлісу» сатылары жайында А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия, №52 мектеп-гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия мұғалімдері вебинар барысында «Қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалауды ұйымдастырудың нормативтік, әдістемелік нұсқаулық құжаттары», «Қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалауды ұйымдастыру», «Қашықтықтан оқыту барысында интернет ресурстарды қолдану» тақырыптарында пікір алмасты. Ал, тыңдаушылар үшін практикалық вебинар өте тиімді болды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады.